Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған Lexus LX 600 автокөлігін анықтады.

Тексеру барысында көлік жүргізушісінің жалған мемлекеттік нөмір таққаны және оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ жүргізушінің 1,5 мkн теңгеден астам айыппұл берешегі бары анықталды.

Құқық бұзушыға бірнеше әкімшілік хаттама толтырылып, оған көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік жүргізгені, жылдамдықты асырғаны және жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін жалпы 117 960 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды