Ақмолалық тұрғын көршісінің атына 1,2 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген

Фото: Zakon.kz
26 наурызда Біржан сал ауданының полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғыннан қаражатты заңсыз иемдену туралы арыз түсті.

Жәбірленушінің айтуынша 22 наурызда көршісі оның сенімін пайдаланып, оның атына банктің мобильді қосымшасы арқылы 1,2 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жәбірленушінің үйіне келіп, оған кездейсоқ ақша жібергенін айтып, оның телефонын тексеру үшін сұрап алған. Сенгіш адам телефонын бергеннен кейін, қаскүнем банктік қосымшаны ашып, оның суретін түсіріп, тексеруден өтуге көндірген.

Осы сәтті пайдаланып, күдікті жәбірленушіге тауар несиесін рәсімдеп, басқа қосымша арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған және оны үшінші тұлғалардың шоттарына аударған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта полиция осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Полицейлер мұндай жағдайлардың құрбаны болмау үшін телефоныңыз бен банктік қосымшаларға қол жетімділікті бөгде адамдарға, тіпті таныстарыңызға да бермеу керектігін ескертеді.

Егер бұл сіздің жеке шоттарыңызға қатысты болмаса, басқа адамдардың өтініші бойынша тексеруден өтпеңіз. Сонымен қатар банктік операцияларды үнемі тексеріп отыру және күдікті транзакциялар болған жағдайда дереу банкке хабарласу маңызды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай