Атырауда мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдап, сатқандарға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz
11-31 наурыз күндері аралығында мал ұрлығының алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 2099 автокөлік, ет өнімдерін сататын 650 орын, 642 шаруа қожалықтары тексерілді.

Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу арқылы қару иелеріне азаматтық, қызметтік қаруды, оның оқтарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына сай 32 әкімшілік хаттамалар жасақталған.

Мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 111, ал мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз сатудың 23 фактісі анықталып, 134 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 352 фактісі анықталған.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді