Семейде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сарбаздары Семей қаласындағы №19 түзеу мекемесінде қызмет атқару барысында бес смартфон, бес SIM-карта, Wi-Fi роутері мен бес литр алкогольді ішімдікті түзеу мекемесіне кіргізудің алдын алды.

Заңсыз әрекетке барған азамат тыйым салынған заттарды эмульсия шелегіне жасырып, сыртын бірнеше қабаттап орап тастаған.

Жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің командирі сержант Берік Акибаев құрылыс материалының тым көп оралғанына күдікпен қараған.

"30 литрлік эмульсияның сырты скотчпен әбден оралғаны күдік тудырды. Тексеру кезінде шелек ішінде тағы бір ыдыстың барын байқадым. Сол ыдысқа тыйым салынған заттар жасырылған екен", — дейді сержант Акибаев.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Табылған заттар тәркіленіп, мекеменің күзет қызметіне тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Мемлекеттік қызметшілерді басқа лауазымға ауыстыру: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды