Облыс әкімі: Қостанай транзиттік автомобиль ағынының орталығына айналады

Облыс әкімі: Қостанай автомобиль ағынының орталығына айналады Сурет: pixabay
Елімізде жолдарды жөндеу бойынша ең көп қаржы екінші жыл қатарынан Қостанай облысында бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kstnews.kz мәліметінше, 2025 жылы Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі автожол және Ұзыннкөл ауылынан Троебратский ауылына дейінгі жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары басталады.

Тағы бір мәселе – көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Қостанайдағы халықаралық әуежайды қайта жаңғыртудың арқасында жолаушылар саны екі есеге артты. Мұнымен қоса, 30 жылдан бері жұмысы тоқтап қалған Арқалық әуежайын қайта іске қосу жоспарлануда. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Әуежай қайта іске қосылғаннан кейін Арқалықтан Қостанай мен Астанаға әуе қатынасы ұйымдастырылады.

Бұл ретте, мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа жол салу да жоспарланған. Бұл жол солтүстік және орталық Қазақстанды батыс өңірлермен байланыстыратын болады. Жол Қостанай облысы арқылы Торғай аудандық орталығы мен Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауылы арасын жалғайды.

Осы жылы Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі тас жолды жөндеу аяқталады. Ол елді оңтүстік өңірлермен байланыстырады, артынша Өзбекстанға шығуды қамтамасыз етеді. Бұл Арқалық пен оңтүстік аудандардың дамуына қосымша серпін береді.

"Қостанай облысы машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен қатар транзиттік автомобиль ағынының орталығы болады", – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Маршруттық желіні кеңейту мақсатында Астана мен Алматыға рейстер жиілігін арттыру қарастырылуда, сондай-ақ Грузияға (Тбилиси), Стамбулға және Вьетнамға (Фукуок) рейстерді ашу үшін авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің өкілеттілігі жаңарды

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні: мөлдір махаббат тарихы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады