ІІМ: Үш қалада 13 заңсыз мал сою цехы табылды

Фото: Zakon.kz
Мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында ІІМ тұрақты түрде алдын алу іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

11-31 наурыз аралығында кезекті рет республикалық кең ауқымды "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

21 күндік операция барысында 54 мыңнан астам мал тасымалдаған автокөлік, 17 мыңнан астам сатып алу орындары, 28,5 мың шаруа қожалығы және фермалар тексерілді.


"Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 13 заңсыз мал сою цехтары анықталды. Полиция мал ұрлығына 131 адамның қатыстылығын анықтады. Сонымен қатар 26 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Жалпы мал ұрлығының 135 дерегі ашылып, 580-нен астам жануар иелеріне қайтарылды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталды. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған.

Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 бас ұсақ малды қолды еткен. Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқыны ұрлап әкеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды.

Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы жылы мал ұрлығы 26%-ға пайызға төмендеді.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты