Түркістан облысында қарызын өтеу үшін мал ұрлығын жасағандар ұсталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында Бәйдібек ауданының полициясы мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған екі күдікті жас жігіттерді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, күдіктілер ауыл тұрғындары болып шықты. Олар ақшадан қарыздарынан құтылу үшін ұрлыққа барған.

Содан өзара сөз байласып, түнгі сағат 03:00 шамасында жәбірленушінің қора жайына заңсыз кіріп, қорада тұрған екі бас қозы мен екі бас қойын айдап алып кеткен.

Одан соң малдарды көлікпен үйлеріне алып келіп, танысына сатып жіберген. Ал одан түскен ақшаны өзара бөлісіп алған.

Жәбірленушіге 240 мың теңге шығын келтірген. Сондай-ақ тексеру барысында екі күдіктінің біреуі бұрын сотты болғаны анықталды.

Тәртіп сақшылары ұрланған малдарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда олардың ісі сотқа өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді