Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу мақсатында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасын жалғастыру көзделген. Бағдарламаны өткізу кезеңі – 2025 жылғы 1 сәуірден жыл соңына дейін.

Бағдарламаға қатысуға деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипы бар жануарлар жіберіледі. Микрочипы мен паспорты болмаған жағдайда, оларды төменде аталған кез келген емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 6 айдан 9 жасқа дейін.

Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру бойынша қызмет:

Иттер мен мысықтарды тегін зарарсыздандыруға және піштіруге арналған ветеринариялық емханалардың мекенжайлары:

Медеу ауданы

"Mastino" Ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефоны: 8 (700) 327-44-89 тіркелу whatsapp желісі арқылы

Алмалы ауданы

"Mastino" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефоны: 8 (700) 327-44-89 тіркелу whatsapp желісі арқылы

Бостандық ауданы

"Айболит" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Абай даңғылы, 26 телефон: 8 (708) 972 02 07

Әуезов ауданы

"Allvet" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Төле би көшесі, 279Б телефон: 8 (747) 438 38 87 тіркелу whatsapp желісі арқылы

Алатау ауданы

"VET ELITE" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Күдерин көшесі, 6/2 телефоны: 8 (700) 776 62 50 , 8 (708) 653 32 57 тіркелу whatsapp желісі арқылы

Жетісу ауданы

"Барыс" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223Б телефоны: 8 (707) 123 49 00

Түрксіб ауданы

"Dog Premium" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Грибоедов көшесі, 105 телефоны: 8 (727) 339 33 28

Наурызбай ауданы

"Банзай" Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Сейдімбек көшесі, 26 телефоны: 8 (707) 523 73 73

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды