Балалар қауіпсіздігі: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

Фото: unsplash
Алматы қалалық полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтып дабыл қағуда.

Өкінішке қарай, кей жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталады.

"Бізді балалардың жол бойында ересектердің қарауынсыз қалып қоятыны және жол қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын білмейтіндігі алаңдатады. Бұл – ата-аналар мен заңды өкілдерінің немқұрайлылығы мен салғырттығының салдары. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз! Есіңізде болсын, бір сәт – орны толмас нәрсе болуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігі – Сіздің тікелей жауапкершілігіңіз!" – деді, Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.

Сондай-ақ полиция, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салды.

"Әрбір ата-ана ойлансын: мен баламның аман, дені сау болуы үшін бәрін жасадым ба? Қамқорлығымызды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап балаларымызды аялайық", – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті