Қазақстандықтар Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып ала алмай әлек болуда

Сурет: wikimedia/Firdaus Latif
Американдық әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер сатылымға шықты. Алайда, сатып алушылардың көптігінен сайтта ақау пайда болып, істен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымы 2025 жылдың 11 сәуірі, жұма күні басталатыны хабарланған болатын. Олардың құны шамамен 40 мыңнан басталып, 150 мың теңгеге дейін.

Алайда, бүгін техникалық ақауларға байланысты сайт қолжетімсіз.

Сурет: ticketon.kz

"Құрметті қонақтар! Веб-сайт техникалық себептерге байланысты уақытша қолжетімсіз. Қазіргі уақытта бізге тікелей келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (727) 225-10-50, +7 (717) 247-63-50, +7 (771) 936-53-53. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және жағдайдың тез арада шешілетініне үміттенеміз. Сіздің Тикетоныңыз", – делінген сайтта.

Аздаған уақыттан кейін сайтта сіздің виртуалды кезекте тұрғаныңыз жайлы өзге ақпарат пайда болды.

"Сіз кезекте тұрсыз. Күткеніңіз үшін рахмет. Күту уақыты шамамен 4 сағаттан асады. Сайтқа кірген қолданушылар саны өте көп болғандықтан, виртуалды кезек енгізілді — бұл жүйе сайтқа бір мезгілде кіретін адамдар санын шектеп, оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі. Браузерді жаппаңыз, бұл бет автоматты түрде жаңарады. Соңғы жаңарту: 11:47:49".

Сурет: ticketon.kz

Айта кетейік, қазақстандықтар келеңсіз жайттар болмас үшін сайттың жұмысын алдын ала жақсартуды сұраған болатын.

Бұған дейін Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты