Елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 30 жастағы күдіктіні ұстады.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Instagram желісінде жалған хабарландыру таратып, азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп беруді уәде еткен.

Ол сенімге кірген жәбірленушілерден өз Kaspi Gold шотына ақша аударуды сұраған. Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 эпизодқа қатыстылығы анықталды.

Күдікті өзінің қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз