ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел адам ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы – "Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Бұл қаражат жеті кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген.

"Осы жылдың басынан бері ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды", – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов.

Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырады: әрбір бала құқығының бұзылу фактісі заң аясында тиісті бағасын алады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы