Шерзат Полат ісі: айыпталушылардың көпшілігі кінәсін мойындамады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 17 сәуірде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Сот процесінде судья Ержан Жанұзақов айыпталушылардан айыптау актісінің мазмұны түсінікті ме және өз кінәларын мойындай ма деп сұрады. Айыпталушылардың жауаптары төмендегідей болды:

Одан әрі сот іс жүргізу тәртібі белгіленді: алдымен жәбірленушілерден жауап алынады, содан кейін куәлардан, кейін айыпталушыларға ауысады.

Келесі сот отырысы 18 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.

Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды