Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 09:01 Фото: Zakon.kz
Тараптар Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің барлық материалдарымен танысты. Бұл туралы 27 ақпанда Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс одан әрі сотқа жіберу үшін прокурорға жіберілді.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: