Алматыда азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда 25-тен астам азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 20 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Ол үшінші адамдардың атына бірнеше рет олардың хабарынсыз шағын несие рәсімдеген деген күдікпен ұсталды.

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті 25-тен астам рет жасағанын айтты.

Эпизодтардың бірі күдіктінің әрекетінен зардап шеккен қала тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғауға себеп болды. Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

"Полиция алаяқтарға қарсы әрекет ету әдістерін белсенді түрде жетілдіруде. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды", – деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз