Бас прокуратура өз қызметкеріне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ortcom
Жамбыл облыстық прокуратурасының қызметкері аймақтағы әріптестері арасында заңбұзушылықтар барын айтып жатқан тағы бір видео түсірді. Өз кезегінде Бас прокуратура бұл мәселе бойынша 2025 жылғы 25 сәуірде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа видеода Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Әлия Қожабекова әріптестерінің әрекетінен анықтаған басқа да бірқатар заң бұзушылықтарды айтты. Айтуынша, ол бұл туралы бастықтарға, тіпті Антикорға да бірнеше рет хабарлаған, бірақ әзірге ешқандай шара қолданбаған.

Бұл мәлімдемелерге түсініктеме бере отырып, Бас прокуратура мынаны хабарлады:

"Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитеті Департаменті қызметкерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған бейнежолдауларға қатысты Бас прокуратура келесіні хабарлайды. Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Комитет Төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді."

2025 жылдың 22 сәуірінде Бас прокуратура Әлия Қожабаеваның уәждері бойынша оқиға орнында жүргізілген тексеру олардың растауын таппағанын мәлімдеді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді