Синоптиктер 27 сәуірде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертті

Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 27 сәуірге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Батыс циклоны әсер ететін болады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ та жаууы мүмкін", - дейді синоптиктер.

Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс  желдің екпін алуы болады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста және батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл облысының солтүстік-батысында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Бұған дейін синоптиктер бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды