Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер ҚҚС-нан босатылуы мүмкін

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 29 сәуірінде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚҚС мөлшерлемесін көтеру денсаулық сақтау саласына төндіретін тәуекелдер туралы айтты. Мұндай норма жаңа Салық кодексінің жобасында ұсынылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Баяндамашы қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, дәрілік заттарды әкелу мен өткізу, сондай-ақ медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылғанын атап өтті.

"Қазір Парламенттің қарауында жатқан Салық кодексінің жобасында бұл норма алынып тасталды. Бастапқыда 10% ҚҚС көзделген. Бүгін талқылаулардан кейін біз 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге ҚҚС төмендетілген ставкасын белгілеу туралы қорытындыға келдік: 5%.Тегін медициналық көмек көрсету мемлекеттік қоры мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша көрсетілетін қызмет көлемі ҚҚС-тан толығымен босатылады. Ал ҚҚС-тан босатылатын дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесі меншік нысанына қарамастан қалыптастырылады. Бұл ең жиі сатып алынатын дәрілердің әлеуметтік сезімтал тізімі", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ол қазіргі таңда жеке медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызметтер, паллиативтік көмек және онкологиялық көмектер де ҚҚС-тан босатылады деп сендірді. Әлназарованың айтуынша, қазір тізім әзірленуде.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда жедел жәрдем дәрігерлері 2025 жылдың соңына дейін бейнежетондармен жабдықталатынын хабарлаған болатын. Бұл шара оларды шабуылдардан қорғауға бағытталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты