Жемқорлардың тізімі: олардың қандай мәліметтері жарияланады

Сурет: pexels
2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғалардың қандай жағдайда тізілімнен шығарылатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тізімге тек заң күшіне енгеннен кейін ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар енгізіледі.

"Бұл белгіленген тәртіп. Мәжілісте қаралып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі заң жобасына сәйкес, реестрге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл ретте тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған адамдар ғана кіреді. Мәліметтер жария етіледі", – деп нақтылады Данияр Бигайдаров.

Ол сондай-ақ тізімге енгізу және одан шығару шарттары бар екенін атап өтті.

"Соттылықты жою немесе алып тастау жағдайында тұлғалар тізілімнен шығарылуы мүмкін. Сондай-ақ заңды күшіне енген ақтау үкімі негізінде немесе іс-әрекет ауыр немесе аса ауырдан жеңілірекке қайта сараланған жағдайда да шығарылуы мүмкін. Тізілім агенттік сайтында орналастырылады. Бұл – профилактикалық құрал, оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру немесе оған мүлде төзімділіктің болмауын қамтамасыз ету", – деді Данияр Бигайдаров.

Реестрде келесі мәліметтер көрсетіледі:

"Заң қабылданғаннан кейін сыбайлас жемқорлық жасаған адамдардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітіледі. Жалпы, заңды күшіне енген үкімдер онсыз да жарияланады, бірақ бұл тізілім бірыңғай және азаматтар үшін ыңғайлы болады, өйткені кез келген азамат өз таныстарының, әріптестерінің, көршілерінің және басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын тексере алады", – деп толықтырды Данияр Бигайдаров.

Бұған дейін Жезқазғанда Ұлттық Ұланның жаңа әскери бөлімі құрылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді