Жезқазғанда Ұлттық Ұланның жаңа әскери бөлімі құрылды

Национальная гвардия Республики Казахстан, нацгвардия РК, НГ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 16:19 Фото: akorda.kz
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.

Әскери бөлім Ұлытау облысының Жезқазған қаласында орналасатын болады.

Мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып ҚР Ішкі істер министрлігі белгіленді.

Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ҚР ІІМ-ні ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: