Прокуратураның ұйымдастыруымен аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 2 мамырында "Заң және тәртіп" қағидаты және "Бақытты балалық шақ" жобасы аясында Жамбыл ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шараға аудандық прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтары мен ата-аналар қатысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалып, жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез құлыққа ұшырау себептері және оның алдын алу шаралары талқыланды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған іс-шарада спикер ретінде арнайы шақырылған Жамбыл облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" директорының орынбасары М. Ермекбаева балалардың психологиясы, олармен қалай дұрыс жұмыс жасау қажеттігі туралы ақыл-кеңес берсе, ауданның бас имамы Д. Құттыбаев ұрпақ тәрбиесіндегі исламның рөлі туралы ой қозғады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан прокуратурасының бастамасымен әр мектептерде педагог және ата-аналармен психологиялық кездесулер жалғасуда.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін