Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі.

Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған.

Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылы 20 мамырға дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100% экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.

Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы ақпаннан бастап 6 инвесторға 233 электр зарядтау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді.

Сонымен қатар, "жасыл" облигациялар есебінен 100 электробус сатып алып, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғыртуға құжаттар дайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімдігі 2025 жылы алғаш рет "жасыл" облигацияларды электробус сатып алуға ғана емес, сондай-ақ, Желтоқсан көшесіндегі BRT желісінің құрылысын жалғастыруға бағыттамақ.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды