Алматыда биыл 800 экоавтобус сатып алынады

Фото: Zakon.kz
Қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған.

Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылы 20 мамырға дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100% экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.

Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы ақпаннан бастап 6 инвесторға 233 электр зарядтау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді.


"Сонымен қатар, "жасыл" облигациялар есебінен 100 электробус сатып алып, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғыртуға құжаттар дайындалды",- делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Алматыда 5-12 мамыр аралығында Райымбек көшесі ішінара жабылатындығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді