Алматыда 5-12 мамыр аралығында Райымбек көшесі ішінара жабылады

Қала әкімдігі мәліметінше, жаңарту жұмыстары 348/1-Райымбек даңғылы, 451а мекенжайлары бойынша жүргізілуде. Жұмыстың жолдың екі бетінде де, яғни оңтүстік және солтүстік жағында да атқарылуда.
Жобаға сәйкес, Aspara және Zeinet бизнес орталықтарының автотұрақ аумағындағы 1500 шаршы метрді құрайтын ескі асфальт төсемдері алынып тасталады, сондай-ақ 500 метр гранит жиектерді бөлшектеледі. Оның орнына 400 метр гранит жиектері, 300 метр поребрик монтаждалады.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бұл жаяу жүргіншілер аймақтарын, веложолдарды абаттандыру және көгалдандыру үшін кеңістікті босату үшін қажет.
Жаңарту жұмыстары кезінде көшенің кейбір учаскелері ішінара жабылуы мүмкін.
Бұған дейін Райымбек батыр даңғылындағы BRT "қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша жүзеге асырылатынын жазғанбыз.