Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады

Жол жөндеу, Астана, Кенесары көшесі, Уәлиханов, Ғабдуллин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2026 14:33 Сурет: Zakon.kz
Кенесары көшесінің Ш. Уалиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 24 пен 26 мамыр күндері көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", делінген хабарламада.
Жол жөндеу, Астана, Кенесары көшесі, Уәлиханов, Ғабдуллин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2026 14:33

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астанада үлкен даңғылдар жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: