Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 20:58 Сурет: Zakon.kz
Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты Кенесары көшесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысына байланысты 14-16 шілде аралығында Кенесары көшесінің А.Янушкевич көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: