Астанада Московская көшесі ішінара жабылды

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2023 16:21 Сурет: Zakon.kz
Астанада Московская көшесіндегі жол учаскесі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Бекетай көшесінен Потанин көшесіне дейінгі аралықтағы учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осыған байланысты аталған жол учаскесінде 10-11 шілде аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмас үшін жүріс бағытын алдын ала жоспарлап алу сұралады. 

Бұған дейін елордада тағы екі көше ішінара жабылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: