Астанада екі көше жөндеуге жабылды

Астана, Мәскеу кқшесі, Айнакөл көшесі, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 11:01 Сурет: Zakon.kz
Астанада орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Айнакөл және Мәскеу көшелерінің кей учаскелерінде көлік қозғалысы толығымен жабылды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 3 шілде күні Zakon.kz тілшісіне елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты:

  • 3-5 шілде аралығында Мәскеу көшесінің Бекетай көшесінен Потанин көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады;
  • 3-4 шілде аралығында Айнакөл көшесі бойынша М. Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол жабылды.

Мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: