Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жартылай жабылды
Сурет: Zakon.kz
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 1-10 маусым аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript