Астанада тағы екі көше ішінара жабылады
Сурет: gov.kz
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында М.Ғабдуллин және Ш.Иманбаева көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 10-11 шілде күндері М.Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі учаскеде көлік қозғалыс толығымен шектеледі.
Сондай-ақ, 9-10 шілде аралығында Ш.Иманбаева көшесі бойында Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау алуға кеңес беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript