Астанада Жангелдин көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына жабылды
Сурет: Zakon.kz
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Жангелдин көшесінде жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ Астана әкімдігі қандай көше көлік қозғалысы үшін жабылатынын нақтылады:
"Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6-10 маусым күндері Жангелдин көшесінің Республика даңғылынан С.Рахимов көшесіне дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады".Астана қаласының әкімдігі
Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript