Астанада тағы бір көшеде жол жөндеу жұмыстары басталып кетті
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, С.Рахимов көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордада С.Рахимов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Осыған байланысты 8-18 маусым аралығында кешкі уақыттарда Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Сәкен Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады", делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript