Нұр-Сұлтанда уақытша жол жабылады
Сурет: Zakon.kz
Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Қабанабай батыр даңғылы мен Жеңіс даңғылының бойындағы жол бөлігін жауып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 20 мамырда Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қорғалжын тас жолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Сондай-ақ 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылы бойымен Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript