Астанада Петров көшесіндегі учаске жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 19:15 Сурет: Zakon.kz
29 маусымда елордадағы Петров көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петров көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасай отырып, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 29 маусымында сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін Ж.Жирентаев көшесінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскедегі Петров көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу еске салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: