Астанада бірнеше көшенің жол учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 12:01 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана қаласында бірден бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша тыйылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", делінген хабарламада.
  • 26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.
  • Бұдан басқа, орташа жөндеу 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігі сұралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: