Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады
Астана әкімдігінің мәліметінше, жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесі бойынша қозғалыс жартылай шектелетін болады.
Көшені жабу ағымдағы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ 12-13 шілде аралығында Қ. Сәтбаев көшесінен бастап А. Рудаки көшесіне дейінгі учаскедегі Майлин тұйық көшесі толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозгалысы іргелес Б. Майлин көшесінде жүзеге асырылады.
12-17 шілде аралығында Республика даңғылынан бастап С. Рақымов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә. Жангелдин көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады.