Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 18:59 Сурет: Zakon.kz
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 21-26 маусым аралығында Шоқан Уәлиханов көшесінде Кенесарыдан бастап Амангелді Иманов көшелеріне дейін көліктердің қозғалысы толығымен шектеледі.

Жолға орташа деңгейдегі жөндеу жасалады. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімімен келісе отырып жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 2023 жылғы 16 маусым мен 30 шілде аралығында Сығанақ көшесінде және Мұхамедханов және Омаров көшелерінің қиылысындағы жол қозғалысы шектеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: