Астана тұрғындарына екі көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты маңызды ескерту жасалды

Астана тұрғындарына екі көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты маңызды ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 16:41 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада екі көшеде жолды жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы ішінара және толықтай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, асфальттың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары Атырау көшесінде жүргізіледі.

"Осыған байланысты Қорғалжың тас жолынан Аягөз көшесіне дейінгі аралықта 2025 жылғы 21-23 маусым аралығында автокөліктер үшін қозғалыс толықтай тоқтатылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеру ұсынылды.

Бұдан бөлек, 2025 жылғы 21–29 маусым аралығында Ш.Айтматов көшесінде – Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейін – орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Автокөліктер үшін жол ішінара жабылады. Қозғалыс көліктер үшін жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", - деп толықтырды әкімдік.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: