Астанада Қордай көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана, Қордай көшесі, жол жөндеу жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 13:36 Сурет: Zakon.kz
Астананың Қордай көшесінде жол төсемін жөндеу басталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына қала әкімдігі хабарлады.

Орташа жөндеу жұмысы осы жылдың 2-8 мамыры аралығында жүреді. Осыған байланысты Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде Қордай көшесі бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет", – делінген хабарламада.

Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасымен CTS ЖШС-нің Instsgram-дағы ресми парақшасынан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: