Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Сурет: Zakon.kz
«Арқар» көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы 15 тамызда басталады. Осыған байланысты көліктерге арналған жол жабық болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы Мәңгілік Ел даңғылы – Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы учаскесінде жүреді.
Мерзімі: 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығы.
Осыған байланысты, «Арқар» көпірін (М1) 15-24 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында және 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Сарайшық көшесі бағытында жабу жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды өтінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript