Алматыда Сәтбаев көшесі ішінара жабылады

Жол жабылады, Алматы, Сәтбаев көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 20:01 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сәтбаев көшесі ішінара жабылады. Бұл туралы 12 шілдеде "Алматы жылу желілері" ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, 13 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масаншы көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысына тыйым салынады. Масаншы көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

Масаншы көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта, яғни батыс бағытта жол ашық болады.


Сурет: "Алматы жылу желілері" ЖШС

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: