Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылады

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 17:50 Сурет: pixabay
Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сәтбаев көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.=

14 тамыз сағат 08.00-ден 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл аумақты Шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен, батыс бағытта Интегральная және Инженерная көшелерімен айналып өтуге болады.

"Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: