Қазақстандық әйел банк пен енесін алдағаны үшін түрмеге қамалды

Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысының бес бала тәрбиелеп отырған 28 жастағы тұрғыны енесінің келісімінсіз оның атына несие алған. Нәтижесінде қазақстандық әйел алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, әйел әлеуметтік төлемдерді ресімдеу сылтауымен банктің мобильді қосымшасы арқылы бет-әлпет биометриясын және туысының жеке мәліметтерін пайдаланған. Осылайша ол жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам бірнеше несие алған.

Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Алайда, ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған әйел пробация қызметінің есебінде тұрған кезде белгіленген шарттарды жүйелі түрде бұзған: ол тіркеуге келмеген, тексеру кезінде тұрғылықты жерінен болмаған, электронды бақылау құралын киюден бас тартқан.

Көптеген бұзушылықтарға байланысты жаза күшейтілді – бас бостандығын шектеу бір жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Сотталушы жазасын өтеу үшін Абай ауданындағы әйелдер колониясына келген. Ол қазір карантиндік палатада жатыр.

Арнайы есеп бөлімінің бастығының айтуынша, әйел жасаған ісіне өкініп, зардаптың ауырлығын толық түсінбегенін мойындап отыр.

Бұған дейін Шымкентте YouTube және TikTok желілерінде жарияланған видеолар арқылы терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздырған ер адамның жеті жылға сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек