Көкшетауда шетелдіктен интернет-алаяқтыққа арналған SIM-box құрылғысы тәркіленді

Фото: Zakon.kz
"Anti-fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Көкшетау қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық мақсатта қолданылған арнайы құрылғыны анықтады.

Тексеру барысында 21 жастағы шетел азаматының интернет-алаяқтық әрекеттеріне пайдаланған SIM-box құрылғысы тәркіленді.

Аталған құрылғы Қазақстан аумағында виртуалды абоненттік нөмірлерді заңсыз тіркеу және оларды интернет-алаяқтық жасау мақсатында пайдалану үшін қолданылған.

Тергеу барысында құқық қорғау органдары күдіктіден трафикті басқаруға арналған құралдарды, ноутбукты, бірнеше ұялы телефон мен Wi-Fi роутерін тапты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл құрылғылар азаматтарды алдау үшін қолданылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігі – ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодын заңсыз өзгерту бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Киберқылмыспен күрес қызметі азаматтарды цифрлық қауіпсіздікті сақтауға және белгісіз нөмірлер мен күмәнді сілтемелерге сақ болуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді