Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: Түркістан облысында алаяқтықпен айналысқан күдікті қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Сайрам ауданының полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасаған ер адамды қолға түсірді.

Белгілі болғандай, жұмыссыз ер адам танысына ешқандай емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деп жалған уәде берген.

Жәбірленушіден алдын ала 230 мың теңге алып, ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа дәл осындай алаяқтыққа қатысты 19 фактісін анықтады.

Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық.

Ер адам ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда