Елорда тұрғындарына LRT құрлысына байланысты кейбір көшелердің толықтай жабылатыны ескертілді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"City Transportation Systems" ЖШС бүгін, 2025 жылғы 16 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарын құлаққағыс етіп, елордада жүргізіліп жатқан жеңіл рельсті (LRT) желі құрылысына байланысты жолдарда шектеулер енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания айналма жолдың Қабанбай батыр даңғылымен қиылысындағы жүріс бөлігінің үстіндегі LRT желісінің негізін бетондау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін, Р-10 айналма жолындағы көлік қозғалысын екі бағытта толықтай шектеу жоспарланып отырғанын нақтылады. Көліктер Әуежай және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ айналма жолдармен жүргізіледі:

Сонымен қатар, LRT желісінің тіректері мен эстакада бөлігін бояу жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: City Transportation Systems

"Осыған байланысты жүргізушілерден жұмыс жүргізіліп жатқан учаскелердің маңына көліктерін қоймауды сұраймыз. Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол қозғалысы бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз". "CTS" ЖШС-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін 18 мамырда Алматыда бірнеше көше жабылатыны ескертілген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз