Қазақстанда eGov.kz және бірқатар цифрлық сервис уақытша жұмыс істемейді

Сурет: gov4c.kz
17 мамырда eGov.kz, e-Otinish, e-license және басқа да мемлекеттік қызметтер порталдарында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық жүргізілетінін хабарлаймыз. Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 17 мамыр сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі", делінген eGov.kz хабарламасында.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

"Осыған байланысты, барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов 2025 жылы 6 мамырда Telegram мессенджерінде Қазақстан азаматтарының жеке деректерін еш қиындықсыз әрі су тегін жариялап жатқан боттың пайда болғанын мәлімдеді. Бұл келеңсіз жайтқа қатысты Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді