Елімізде реставратор мамандар тапшы

Фото: primeminister.kz
Ұлттық музей жанынан ғылыми консервация және реставрация орталығы ашылады. Бұл жайында Қазақстан музейлері конгресінде айтылды.

Дегенмен елімізде реставраторлар тапшы. Себебі бұл мамандыққа елдегі екі жоғарғы оқу орны ғана маман даярлайды.

Негізінен ғасырлар бойы сақталып, мұра болып қалған құнды жәдігерлерді келесі ұрпаққа жеткізетін кәсіп иелері жекелей әртүрлі ұстаздан тәлім алып жүр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол себепті бұл маңызды мәселе, – дейді салаға жауаптылар. Көне жәдігерлерді түпнұсқадан айнытпай, жаңғыртатын шеберлердің қазіргі жалпы саны 100-ге жетер жетпес.

"Реставрация дегеніміз бүлінген жерін тоқтатып, емін қолдану. Бізде қазір біреу-екеу деген Қазақстанға ол өте аз. Өйткені Қазақстан деген жеріміз өзі өте үлкен ғой. Музейлеріміз өте көп, жәдігерлеріміз өте бай, сондықтан да сол жәдігерлерімізді келесі ұрпаққа да қалдырғымыз келеді." Құралай Төлегенова, ҚР Ұлттық музейінің реставраторы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды