"Sax Invest" қаржы пирамидасын басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Sax Invest қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздардың, қаржы құралдарының және басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде танытқаны белгілі болды.

Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.

Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды.

Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға:

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген.

Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған.

2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ "ForteBank" пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бағалы қағаздары бар.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды.

Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты