Полицейлер өзгенің көлігінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлығы қылмысын ашты.

Белгілі болғандай, белгісіз тұлға туыстарына қонаққа келген ер адамның көлігіне ұрлыққа түскен.

Оқиға болған күні иесі Volkswagen көлігін үй сыртында құлыптап тастап кеткен.

Түнгі сағат 03:00 шамасында күдікті көліктің артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде көлік иесі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрлық оқиғасын жедел ашқандары үшін алғысын білдірді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады